Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.4 488.97 5.39

Кандидат Қуаныш Қасенов №342 және №343 квартал тұрғындарымен кездесті

Кеше, 17:52

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қуаныш Қасенов №342 және №343 кварталдардың тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында кандидат «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен өзінің жеке бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірді дамытуға арналған жоспарларымен бөлісті.

Жүздесу кезінде тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауызсумен қамту, жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру және аулаларды абаттандыру мәселелері талқыланды. Тұрғындар аталған бағыттар бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жергілікті тұрғындардың талап-тілектеріне назар аударылды. Мұндай жүздесулер халықтың сұранысын зерделеп, аумақтарды дамытуға қатысты мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Кандидат кездесуге қатысып, белсенділік танытқан тұрғындарға алғысын білдірді.

*№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қуаныш Қасеновтыңсайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив