Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
443.96 487.73 5.38

Кандидат Марат Серікболұлы №18 сайлау округінің тұрғындарымен кездесті

Кеше, 17:26

Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Марат Серікболұлы №18 бірмандатты сайлау округінің белсенді тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аула мен көшелердің жағдайы, тұрғындарды алаңдатып отырған өзекті мәселелер талқыланды.

Жиынға қатысқан тұрғындар қураған әрі қауіп төндіретін ағаштарды кесу, көшелер мен аулаларды жарықтандыру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ өздері тұратын аумақтың қауіпсіздігі мен абаттандырылуына қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Марат Серікболұлы тұрғындар тарапынан айтылған әрбір мәселені назарға алып, оларды шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.

*№ 18 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Марат Серікболұлының  сайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив