Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.72 493.86 5.49

Кандидат Мақсат Алибеков Би Боранбай көшесін төрт жолақты етуді ұсынды

Бүгін, 12:00

Семей қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Мақсат Алибеков Би Боранбай көшесін кеңейту жөнінде бастама көтерді.

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында көшені қазіргі екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту мәселесін көтеруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар ол көшенің екі жағына да жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу, ағаш отырғызу, тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру қажеттігін атап өтті.

Бұл бастаманың өзектілігі аталған аумақтың алдағы даму жоспарларымен де байланысты. Атап айтқанда, бұл бағытта жаңа жылу электр орталығын (ЖЭО) салу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, мұнда өнеркәсіптік аймақ орналасқан. Өндірістік инфрақұрылымның дамуы мен көлік қозғалысының артуы көше өткізу қабілетін ұлғайтып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін күн тәртібіне шығарады.

Мақсат Алибековтің айтуынша, сайлауда депутат болып сайланған жағдайда, аталған бастамаларды жүзеге асыру үшін қала әкімдігі алдында нақты ұсыныстар көтеріп, қажетті жұмыстарды қаланы дамыту жоспарына енгізуге күш салмақ.

Айта кетейік, №8 сайлау округінің аумағына Цемент кенті, Шәкәрім университеті маңы және Нахаловканың жоғарғы бөлігі кіреді.

*№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Мақсат Алибековтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив