Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.72 493.86 5.49

Өсім – 35%: Биыл өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының өсімі 1 млрд долларға жуықтады

Бүгін, 10:09

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 1 млрд долларға жуықтады. 

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
2026 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында аталған бағыт бойынша  экспорт көлемі 3,4 млрд долларға жетті. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 2,5 млрд доллар болған. Осылайша, өсім 35%-ды құрады. Ал өңделген өнімдердің жалпы агроэкспорттағы үлесі 51,3%-дан 53,3%-ға дейін өсті.

«Бұл – Мемлекет басшысы алдымызға қойған негізгі міндеттердің бірі. Қазақстан тек астық сатумен ғана шектелмей, дайын өнім экспорттау арқылы да табыс табуы керек. Бұл ауыл шаруашылығының экономикалық қайтарымын мүлде басқа деңгейге көтереді. Елімізде бұл бағытты дамытуға қажетті қуатты шикізат базасы бар. Жыл сайын 18–20 млн тонна бидай және 1–1,2 млн тонна жүгері өндіреміз. Биыл жүгері өнімі 1,7 млн тоннаны құрады», – деді Айдарбек Сапаров.

Қазіргі таңда елімізде жылына 5 млн тоннадан астам астық өңделеді. Оның ішінде 510 мың тоннаға жуығы терең өңдеуден өтеді. Былтыр 145,1 мың тонна крахмал өнімдері өндірілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,8%-ға жоғары. Сондай-ақ биоэтанол өндірісі 21 мың тоннаға жетіп, бір жылда 2,2 есеге артты.

2029 жылға дейін бидай мен жүгеріні терең өңдейтін, жылдық жалпы қуаты 5,8 млн тонна шикізатты құрайтын алты ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта «Қазкрахмал» және Fufeng кәсіпорындары алғашқы өнімдерін шығарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив