Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Кандидат Нұржан Бахаев Семейдің өндірістік әлеуетін арттыруға басымдық бермек

13-11-2026, 11:18

Семей қаласының экономикалық дамуы өнеркәсіп орындарының тұрақты жұмыс істеуімен, жаңа өндірістердің ашылуымен және жергілікті кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейтумен тығыз байланысты. Осы бағыттағы міндеттер «Әділет» партиясының мүшесі, Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұржан Бахаевтың сайлауалды бағдарламасында қамтылған.

Нұржан Бахаев – өндіріс саласында көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан кәсіпкер. Ол 2014 жылдан бастап «Семей механикалық зауыты» ЖШС-ін басқарып келеді. Өндірістік кәсіпорынды басқару барысында жинақтаған тәжірибесі оның өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне ерекше назар аударуына негіз болған.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту, өндірістік қуаттарды арттыру және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған бастамаларды қолдау негізгі міндеттердің бірі ретінде көрсетілген. Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен олардың ірі инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қамтылған.

Нұржан Бахаев өңір экономикасын дамытуда жергілікті өндірістің үлесін арттыру маңызды деп есептейді. Осыған байланысты отандық өнім өндіретін кәсіпорындарды қолдау, олардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарына көңіл бөлуді көздейді.

Бағдарламада жаңа өндіріс орындарының ашылуына ықпал ету де қарастырылған. Бұл бағыт инвестициялық жобаларды қолдаумен, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастырумен және өндіріс орындарының инфрақұрылымдық мәселелерін шешумен ұштастырылған.

Кандидат депутат болып сайланған жағдайда өндіріс кәсіпорындарының өзекті мәселелерін тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, олардың шешілуіне заң аясында ықпал етуді жоспарлап отыр.

Оның бағдарламасындағы негізгі ұстанымдардың бірі – өнеркәсіпті дамыту арқылы өңір экономикасын нығайту және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға жағдай жасау.

*№ 2  бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Нуржан Бахаевтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив