Кандидат Ермек Жұмабеков қауіпсіз әрі жайлы қала қалыптастыруды көздейді
Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ермек Жұмабеков сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қолдауды жоспарлап отыр.
Ол мектептер мен балабақшалар маңындағы жол қауіпсіздігін арттыру, жаяу жүргіншілер өткелдерін көбейту және көшелерді жарықтандыру мәселелеріне назар аудармақ.
Сондай-ақ қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерін дамытуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларға ықпал етуді көздейді.
*№ 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Ермек Жұмабековтың сайлау қорынан төленді
Тағыда оқыңыз