Кандидат Александр Гнездов тұрғындармен кездесті
Бүгін Александр Гнездов Карменов көшесіндегі №74 және №76 үйлердің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектерін жеткізді.
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Александр Гнездов әрбір тұрғынның сөзін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер мен ұсыныстарды арнайы жазып алды.
Кандидаттың айтуынша, тұрғындармен кездесудегі басты мақсат – құрғақ уәде беру емес, халықтың нақты сұранысын анықтап, оны шешудің жолдарын қарастыру. Александр Гнездов сайлауда жеңіске жеткен жағдайда тұрғындар көтерген мәселелердің барлығы назарға алынып, оларды кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде шешу бағытында жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
*№2 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Александр Гнездовтың сайлау қорынан төленді