Арман Таштаев: Семейдегі жол инфрақұрылымын жаңғырту – басты назарда
№2 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Арман Таштаев сайлауалды бағдарламасында жол инфрақұрылымын жақсартуға ерекше назар аударады.
Кандидат қала көшелері мен аулаішілік жолдарды жөндеуге, асфальтталмаған көшелерді кезең-кезеңімен жаңғыртуға және жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз жағдай жасауға ықпал етуді көздейді.
Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалауды маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырады.
*№ 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Арман Таштаевтың сайлау қорынан төленді
Тағыда оқыңыз