Кандидат Даурен Семейханов әлеуметтік сала мамандарымен кездесті
№13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Семейханов облыс орталығындағы әлеуметтік сала мамандарымен кездесу өткізді.
Жиын барысында елімізде басымдық беріліп отырған әлеуметтік бағыттар, соның ішінде халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, онда қамтылған негізгі бағыттар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Атап айтқанда, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және сала мамандарын толғандырған мәселелерді назарға алу бағытындағы бастамалар сөз болды.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, әлеуметтік саланы дамытуға қатысты ойларын ортаға салды.
*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Даурен Семейхановтың сайлау қорынан төленді