Кандидат Сержан Жарқын: «Жастардың кәсіби дамуы мен қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру – маңызды міндет»
№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Сержан Жарқын сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдау мен олардың кәсіби дамуына ерекше көңіл бөледі.
Кандидат жас буынның сапалы білім алып, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне және еңбек нарығында өз орнын табуына мүмкіндік жасау мәселелерін басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сонымен қатар жастардың бастамаларын қолдау, кәсіби біліктілігін арттыру және олардың әлеуетін толық жүзеге асыруына жағдай жасау көзделген.
Бағдарламадағы тағы бір маңызды бағыт – тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Бұл ретте елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық кеңістіктерді жақсарту және халықтың күнделікті тұрмысына қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударылады.
Сержан Жарқынның сайлауалды бағдарламасында жастардың болашағы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру өзара сабақтас маңызды міндеттер ретінде қамтылған.
*№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Жарқын Сержанның сайлау қорынан төленді