Кандидат Жарқын Сержан әлеуметтік тұрақтылық пен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға басымдық береді
№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Сержан Жарқын сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды негізгі бағыттардың бірі ретінде қарастырады.
Кандидаттың айтуынша, өңірдің дамуы ең алдымен халықтың тұрмыс сапасымен тығыз байланысты. Осыған орай тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, халықтың осал топтарын қолдау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелеріне назар аудару көзделген.
Сонымен қатар азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін әлеуметтік мәселелерді зерделеу, оларды шешу жолдарын қарастыру және тұрғындардың мүддесін қорғау да маңызды міндеттердің қатарында.
Сержан Жарқынның сайлауалды бағдарламасы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
*№5 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Жарқын Сержанның сайлау қорынан төленді