Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.28 501.45 5.59

Кандидат Асқар Абдуллин тұрғындармен кездесіп, халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелерін талқылады

18-11-2026, 17:04

№3 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Асқар Абдуллин тұрғындармен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламасының халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған негізгі тұстарын таныстырды.

Кездесу барысында халықтың табысын молайту, әр отбасының әл-ауқатын арттыру және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Кандидат өз бағдарламасында азаматтардың өтініш-тілектерін назарға алып, оларды билік органдарына жеткізуге, тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешілуіне ықпал етуге басымдық беретінін атап өтті.

Сондай-ақ халықтың тұрмысына қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу және тұрғындармен тұрақты байланыс орнату бағыттары сөз болды.

Кездесу барысында тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерді ортаға салды.

*№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Аскар Абдулиннің сайлау қорынан төленді

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив