Кандидат Асқар Абдуллин сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа таныстырды
№3 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Асқар Абдуллин тұрғындармен кездесу өткізіп, өзінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттармен бөлісті.
Кездесу барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың табысын молайту және әр отбасының әл-ауқатын жақсарту мәселелері сөз болды.
Кандидат өз бағдарламасында отандық өнім көлемін ұлғайту, өңірге инвестиция тарту және кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы әрі әділ жағдай қалыптастыру бағыттарына басымдық беретінін атап өтті.
Сонымен қатар тұрғындардың өтініш-тілектерін билік органдарына жеткізу, халықты толғандырған мәселелердің шешілуіне ықпал ету және азаматтардың мүддесін қорғау мәселелеріне де тоқталды.
Кездесу барысында тұрғындар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, кандидатпен өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
*№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Аскар Абдулиннің сайлау қорынан төленді