Құсмілия Нұрқасым Семейдегі №93 сайлау учаскесінде дауыс берді
Бүгін елімізде өтіп жатқан кезектен тыс сайлау аясында Абай облысының тұрғындары да өз таңдауларын жасауда. Семей қаласындағы №93 сайлау учаскесіне келген мәдениет қайраткері, ақын, жазушы әрі тарихшы Құсмілия Нұрқасым дауыс беріп, азаматтық міндетін орындады.
Дауыс беру рәсімінен кейін ол журналистерге сұхбат беріп, бүгінгі саяси науқанның тарихи маңызына тоқталды. Сондай-ақ ел өміріндегі маңызды шешімдерге әр азаматтың қатысуы қоғам үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
Құсмілия Нұрқасым – Семей өңірінің мәдениеті мен руханиятына елеулі үлес қосып жүрген тұлғалардың бірі. Оның шығармашылығы мен зерттеу еңбектері туған өлкенің тарихын, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны насихаттауға бағытталған.
Сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысы белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылды. Таңғы уақыттан бастап тұрғындар учаскеге келіп, өз таңдауларын жасауда.