Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.13 502.29 5.58

«Халықтық құрылыс»: ел дамуының жаңа кезеңі

Бүгін, 16:17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. «Халықтық құрылыс» бастамасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, өңірлердің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Бастама аясында 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлу көзделген. Қаражат әлеуметтік нысандардың құрылысына, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталмақ.

Бағдарламаның басым бағыттарының қатарында медициналық мекемелер, білім беру ұйымдары, мәдениет және спорт нысандарының құрылысы бар. Сонымен қатар автомобиль және теміржол желілерін дамыту, көпірлер салу, елді мекендерді таза ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінбек.

Ауқымды құрылыс жұмыстары жаңа жұмыс орындарын ашуға, отандық құрылыс материалдарының өндірісін ұлғайтуға, шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты азайтуға ықпал етпек.

Аталған бастаманың Абай облысы үшін де маңызы зор. Өңірдегі әлеуметтік нысандарды көбейту, жол сапасын жақсарту, инженерлік желілерді жаңарту және ауылдық елді мекендерді дамыту бағытында жаңа мүмкіндіктер қалыптасады.

«Халықтық құрылыс» бастамасы – бір жылдық науқан емес, елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын стратегиялық қадам. Оның басты мақсаты – экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өңірлердің әлеуетін арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив