«Таза Қазақстан»: Семей орманында құстарға арналған ұялар орнатылды
Абай облысының ішкі саясат басқармасының үйлестіруімен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Семей орманы» аумағында құстарға арналған 10 ұя орнатылды. Игі бастамаға Семей қаласының жастары мен орман шаруашылығының қызметкерлері қатысты.
Шараның мақсаты – қыс мезгілінде қоныс аудармайтын құстарға қолайлы жағдай жасау. Ұяларға құстарға арналған жем мен дәнді-дақылдар салынады.
Жастар өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар табиғи экожүйені сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған.
Орнатылған ұялар тоқылдақ, кәдімгі үлкен шымшық, сауысқан, алақарға, кәдімгі қарға, қарақұс, ақбасшымшық, жорға торғай, дала торғайы және орман шақшақайы секілді құстарға арналған. Экологиялық акция табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып, жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.



