Семейде қарақшылық жасағандар ұсталды
Абай облысының орталығында ізін суытпай қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды.
Семейдегі ет дүкендерінің бірінде жұмыс істейтін 49 жастағы қала тұрғыны қарақшылықтың құрбаны болды.
2023 жылғы қаңтар айының соңында "102" арнасына қарақшылық шабуыл туралы хабарлама келіп түсті.
«Жәбірленушінің айтуынша, оған екі жас бала шабуыл жасап, ұрып-соғып, қалтасындағы ақшасын алып алған. Келтірілген залал сомасы 20 мың теңгені құрайды», - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нариман Күлдіков.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық ПД-нің криминалдық полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Семей қаласының екі тұрғыны ұсталып, УҰИ-на қамалды.
Қарақшылық фактісі бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тағыда оқыңыз
Абай облысы прокурорының орынбасары Е.О. Жақсыбаевтың төрағалығымен ведомствоаралық жедел кеңес отырысы өткізілдіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІШығыста кісі өліміне қатысты қылмыстың беті ашылдыАлаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл туралыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ