Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Биыл Абай өңірі авторларының кітаптар топтамасы жарыққа шығады

2-02-2023, 17:09 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында Абай облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Ибраевтың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Басқарма басшысы биыл Абай өңірі авторларының кітаптар топтамасы жарыққа шығатынын мәлімдеді. Ол топтамаға замандастарымыздың ғана емес, қазақ әдебиеті классиктерінің де шығармалары енетін болады. Жоба Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бастамасымен жүзеге асырылады.

Классикалық шығармалардың ішінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» мен Шәкәрім Құдайбердиевтің өлеңдер жинағы бар.

- Қазір Абай өңірінің ақын-жазушыларының шығармаларын бір сериямен шығару жобасын қарастырып жатырмыз. Бесжылдық жоба аясында «Абай жолы» роман-эпопеясын, Шәкәрімнің орыс тіліндегі өлеңдер жинағын, сонымен қатар замандас ақын-жазушылардың шығармаларын шығару да жоспарлануда, – деді Айдар Ибраев.
– Биыл 15 жерлесіміздің туындысын бір сериямен басып шығаруды жоспарлап отырмыз. Серияның қалай аталатыны әлі белгісіз, оны талқылаймыз. Әзірге редакция алқасы мен жұмыс тобы құрылды. Дәл осындай кітаптар сериясы осыған дейін ШҚО-да шыққан. Бұрынғы жинақтарға енбей қалған авторларды осы серияға қосуға тырысамыз, - деді Айдар Ибраев.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасымен эстрадалық-симфониялық оркестр құрылуда.

 - Музыкалық аспаптар сатып алуға және сахналық киім тігуге, ұжымды ұстауға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған, - деп атап өтті Айдар Ибраев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив