Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша әріптестікті кеңейтіп келеді

31-05-2023, 10:31 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Jiangsu Forceset Vibration Control Technology Co., LTD компаниясымен жер сілкінісіне төзімді құрылыс бойынша бірлесіп жұмыс істеуді көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесудің барысында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, озық технологияларды қолдану, бақылау жүйелерімен қамту, сондай-ақ кәсіби мамандарды даярлап, біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды.

«Өзара тиімді әріптестік арқылы алдағы уақытта қазақстандық және қытайлық мамандардың қатысуымен нақты бірлескен жобаларды жүзеге асырамыз деп есептейміз», «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Құлбаев.

Өз кезегінде Jiangsu Forceset Vibration Control Technology Co., LTD компаниясының өкілі сейсмикаға төзімді құрылыс бағытына сәйкес Қазақстанмен тәжірибе алмасып, өз технологияларымен бөлісуге дайын екендерін жеткізді.

Аталған меморандумның аясында тараптар ғылыми қызметкерлердің әлеуетін күшейтіп, тәжірибе алмасу, екі елдегі ғимараттар мен құрылыс нысандарының жер сілкінісіне қарсы қауіпсіздігін нығайту үшін сейсмикалық демпферлеу және оқшаулау технологиясын қолдану жөніндегі бірлескен зерттеулерді жүргізуге уағдаласты. Сонымен қатар ерекше ғимараттар мен құрылыстарды жобалау бойынша бірлескен арнайы техникалық шарттарды әзірлеп, сейсмикаға төзімді құрылыс теориясы мен тәжірибесі жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив