Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
490.58 584.77 6.34

ҰБЖ негізгі құралдары ЖОО өкілдерімен талқыланды

31-05-2023, 13:15 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) жанындағы Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің сарапшылары «Ұлттық біліктілік жүйесі» (бұдан әрі – ҰБЖ) тақырыбында семинар өткізді, оның барысында осы жүйені дамыту үшін пайдаланылатын негізгі құралдар талқыланды.

Семинарға Еңбекмині, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары, сондай-ақ барлық қазақстандық жоғары оқу орындарының 400-ден астам өкілдері қатысты.

Диалог барысында «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасының негізгі новеллалары таныстырылды, ұлттық және салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және оның құрылымы мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, қатысушылар Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы мен Career Enbek ҰБЖ цифрлық платформасының жұмыс принциптерімен таныстырылды, ол ҰБЖ барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылы, еңбек нарығындағы мансапты дамыту жөніндегі ақпаратқа еркін қол жеткізу және кәсіптерді сипаттау үшін әзірленуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив