Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жапониямен байланысты нығайтады

2-06-2023, 09:03 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) жұмыс кездесуін өткізді. Агенттік экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесіп, екі елдің достық қарым-қатынастарын дамытуда өзіндік көпір ретінде қызмет етеді. Айта кетерлігі, институт 20 жыл бойы Күншығыс елінің тәжірибесін қолданады, сондай-ақ сейсмо саласындағы қауіпсіздік мәселесінде ынтымақтастық жүргізіп келеді.

Осылайша, ынтымақтастық бағдарламасы аясында 20-дан астам қызметкер Жапонияның сейсмологиялық орталықтарында тағылымдамадан өтті. Ал бүгінгі кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдіріп, өзара қарым-қатынастағы келесі бағыттарды нақты белгіледі: сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы практикалық жұмыстарды орындау үшін екі елдің ғалымдары мен мамандарын тарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру, сейсмикалық оқшаулау жүйелері мен сейсмикалық қауіпсіздікті қолдану кезінде тәжірибе алмасу.

Кездесу соңында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Құлбаев ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытқаны үшін компания өкілдеріне алғыс айтып, сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту саласындағы күш-жігерді біріктіруге қолдау білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив