Үкіметте Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасының орындалу барысы қаралды
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сегізінші сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында және биылғы жылдың 19 сәуірінде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалу барысына қатысты жиын өткізді.
Жиынға мемлекеттік және жергілікті билік органдарының, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.
Ерұлан Жамаубаев Үкіметке жүктелген міндеттерді шешудің өзектілігін ескере отырып, оларды уақтылы және сапалы орындауға бар күш-жігер салу керектігін еске салды.
ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов салық заңнамасын, Кәсіпкерлік кодексті, мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру арқылы орта бизнесті дамытудың кешенді тәсілдерін әзірлеу туралы баяндады.
Т. Жақсылықов ШОБ дамытудың кешенді тәсілдерін 3 бағыт бойынша қарастыру ұсынылып отырғанын хабарлады: институционалдық шаралар, инфрақұрылымдық ынталандыру және тікелей ынталандыру. Әзірленген тәсілдер ШОБ-ты 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасымен сәйкестендірілген және мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП және сарапшылармен бірлесіп әзірленген. ҰЭМ жоғарыда аталған тәсілдерді 2030 жылға дейінгі ШОБ дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізуді де ұсынды.
Айта кету керек, Премьер-Министрдің 2023 жылғы 27 сәуірдегі өкімімен шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобы құрылып, оның шеңберінде орта бизнесті дамыту бойынша тәсілдер әзірленіп, бизнес-қоғамдастықтардың ұсыныстарын ескереді.
Сонымен қатар бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеуде.
Салық заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына Парламент палаталарының депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері кірді.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков МЖӘ және жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы ұлттық жобаларды іске асыруға бизнестің белсенді қатысуын қамтамасыз ету, оның ішінде «Жайлы мектеп» және «Ауылда денсаулық сақтау саласын жаңғырту» туралы баяндады.
Сондай-ақ жиында тиісті мониторинг және бақылау құралдарын енгізе отырып, «стратегиялық объектілер» түсінігін анықтауға, оның ішінде «өңірлік маңызы бар стратегиялық объектілер» ұғымын енгізуге деген көзқарастарды қайта қарау мәселесін қарады.
Сонымен қатар өндірістің негізгі факторларына қолжетімділік үшін ашық аукцион қағидаттарын міндетті түрде пайдалануды заңнамалық тұрғыдан бекіту бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселесі талқыланды. Бүгінгі таңда ҰЭМ аукциондық әдіспен қамтамасыз етілген және салалық заңдармен реттелетін өндірістің негізгі және аралық факторларын таңдады.
ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов трансферттік баға белгілеу, халықаралық салық салу, субсидиялар мен мемлекеттік ресурстарды бөлуде тиімді және сапалы бақылауды қамтамасыз ететін қосымша құралдарды әзірлеу туралы хабарлады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді, онда:
- нарықтық бағаны анықтау әдістерін жетілдіру;
-квантильаралық баға диапазонын және үш деңгейлі есеп беру талабын пайдалануды енгізу;
- тауар биржаларында жасалған мәмілелердің трансферттік баға белгілеуіне бақылауды қайтару қамтылған.
Жаңа Салық кодексін әзірлеу шеңберінде қосарланған салық салуды жою туралы халықаралық шарттардың ережелерін қолдануды реттейтін нормаларды оңайлату және жүйелеу жоспарлануда.
Субсидиялар мен мемлекеттік ресурстардың бөлінуіне бақылауды күшейту мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдіріліп, жаңа «Тез әрекет ету тәуекелінің профилі» әзірленуде.
Сондай-ақ қатысушылар ақша ағындарын цифрландыруды күшейтуді және екінші деңгейлі банктер мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін біріктіруді қамтамасыз ету мәселесін талқылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, жиынды қорытындылап, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.