Өзбекстандық "My Freighter" (Centrum Air) лоукостері Қазақстанға әуе рейстерді ашады
Халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ "ашық аспан" режимін іске асыру жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Өзбекстанның авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Өзбекстанның "My Freighter" (Centrum Air) төмен бюджеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.
Осылайша, "My Freighter" (Centrum Air) әуе компаниясы 2023 жылғы 5 маусымнан бастап А–320 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма) Алматы-Ташкент бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда - экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ бәсекелестіктің артуына және авиабилеттер құнының төмендеуіне әсер етеді.
Анықтама:
"My Freighter" - Ташкентте орналасқан өзбекстандық әуе тасымалдаушы.
Әуе компания жолаушылар мен жүк рейстерін орындайды.
Әуе компания 2020 жылдың қаңтарында құрылды, бірінші жолаушылар рейсі
2023 жылдың ақпан айында орындалды.
Әуе компания паркінде 5 әуе кемесі бар (Airbus-319, Airbus-320, Boeing - 747).