Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Құрылыс кодексінің алғашқы жобасын талқылау жұмыстары аяқталды

7-06-2023, 10:23 Думан Кенжеғазыұлы

Елімізде жаңа Құрылыс кодексінің бірінші жобасын талқылау жұмыстары аяқталды. Жұмыс тобы мамырдан бастап елорда мен өңір-өңірді аралап, қажетті ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізіп келді.

Бұл реформа бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, сондай-ақ «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның өкілдері жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер және құрылыс саласының сарапшыларымен пікір алысып, қоғамның ұсыныстыңдап қайтқанын айта кетейік.

Тұтастай алғанда, аталған заң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Осы кодекс пен  барлық кезеңде құрылыс процесін онлайн-режімде бақылауға мүмкіндік беретін E-Qurylys ақпараттық жүйесін енгізу арқылы маман тапшылығы, бақылаудың тиімсіздігі мен халықтың сенімсіздігі, экономикаға теріс әсері, экология мен халықтың денсаулығына қауіпті мәселелер шешімін табады деп болжанған.

Бұл орайда заң жобасы 4 негізгі заңнан тұратынын айта кеткен орынды. Сонымен біргеқұрылыс процесінің толық циклін қамтып, 8 кодекске және 14 ілеспе НҚА-ге (заңдарға) өзгерістер енгізу қарастырылып отыр.

Аталған құжат қоғамның қызығушылығын оятып, оны белсенді түрде талқылауға әсер етті.Әсіресе сарапшылар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары бойынша пікір алысты. Айта кетейік,

Осы ретте Құрылыс кодексін бекіту кезінде жоғарыдағы кездесулерде айтылған барлық ұсынысмен ескертулер ескерілетінін атап өткен абзал.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив