Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Сенаторлар кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылды талқылады

7-06-2023, 17:20 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ елдері Парламенттік комитеттері өкілдерінің II форумына қатысты.

Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина өз сөзінде мұндай кездесулер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Халықаралық стандарттарды сақтау елдерге кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін құруға және ұлттық экономиканы күңгірт капиталдан қорғауға мүмкіндік береді. Ортақ міндеттерді шешу және жаһандық қаржы жүйесінің қауіпсіздігін нығайту мақсатында елдер күш біріктіруі тиіс. Қазақстан әрқашан ашық және өзара тиімді ынтымақтастықтың жақтаушысы болған және солай болып қала береді», - деді Ольга Перепечина.

Парламентшілер шара барысында террористік және экстремистік қызметті қаржыландыру арналарын қадағалау, анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды заңнамалық реттеу тәжірибесін талқылады. Заң жобаларын әзірлеу, оларды сараптамалық және қоғамдық талқылау дағдысымен және мысалдарымен бөлісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив