Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда сараптама ұйымдарының І халықаралық спартакиадасы өткізілді

8-06-2023, 11:14 Думан Кенжеғазыұлы

Шымкентте 4 мемлекеттен келген сараптама ұйымдарының қатысуымен I халықаралық спартакиада ұйымдастырылды. Аталған «Мемсараптама» кәсіпорынның бастамасымен қолға алынды.

Сайыс қатысушыларына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов бейне құттықтау жолдады. Сондай-ақ спартакиаданың ашылуына Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков теқатысты.

Жарысқа Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Өзбекстан Республикасынан және Қазақстаннан 80-ге жуық адам қатысуға ниет танытып, өзара күш байқасып жатыр. Сайыс 10 маусымға дейін жалғасатынын айта кетейік.

Бұл орайда аталған дода жекелеген спорт түрлерінен, оның ішінде футбол, футзал, үстел теннисі, волейбол, шахмат және зияткерлік спорт ойындарынан тұратынын атап өткен жөн. Іс-шараның қорытындысы бойынша топ жарған азаматтар марапаттарға ие болады.

Бұдан бөлек спартакиаданың аясында «Мемсараптама» РМК (Қазақстан Республикасы) мен «Қала құрылысы құжаттамасының сараптама орталығы» (Өзбекстан Республикасы) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп жоспарланған.

«Біз үшін спорт — тән саулығын көрсетуден бөлек ұжымдық татулық пен рухты көрсетудің тамаша мүмкіндігі. «Спорт – денсаулық кепілі»,деп айтылмаған. Дені сау жастар – егемен еліміздің ертеңі. Елімізде көптеген халықаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі спартакиаданың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау», деді «Мемсараптама» РМК бас директоры Қуандық Қажкенов.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив