Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Елордалық әскери бөлімде әскери қызметшілердің балаларына арналған үйірмелер ашылды

8-06-2023, 12:28 Думан Кенжеғазыұлы

Енді әскери қалашықта тұратын балалар бос уақытын тиімді өткізе алады.

Аталған іс-шараға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Нұрлан Алдияров, әскери бөлім командирі подполковник Абай Әлібеков және бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері Марина Вольнова қатысты.

– Президент бұқаралық спортты дамытуға және ұлт денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөліп келеді. Спортпен шұғылдану арқылы сендер күшті, төзімді боласыңдар, мінездерің қалыптасады. Бұл қасиеттердің бәрі болашақ Отан қорғаушыларға қажет, – деп атап өтті генерал-майор Нұрлан Алдияров.

Бокс, қоян-қолтық ұрыс, футбол, волейбол және шахмат сияқты спорт секцияларының ашылуына әскери бөлім қолбасшылығы бастамашы болып отыр. Оған 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Балаларды республикалық және халықаралық додаларда топ жарған спорт шеберлері жаттықтырады.

– Мен тоғыз ай волейбол клубында жаттықтым. Онда барып-келуге айтарлықтай уақытым кететін. Енді, міне, тұрғылықты жерімде секция ашылып отыр. Бұл маған уақытты тиімді пайдалануға ыңғайлы, – дейді Дарина Богданова.

Спорттық секциялардан бөлек, балалар домбыра тартуды да үйреніп, «Шебер қолдар» үйірмесінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамыта алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив