Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Индустриялық даму комитетінің төрағасы Veolia компаниясының Орталық Азия бойынша бас директорымен кездесті

8-06-2023, 13:23 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Азамат Панбаев «Veolia» халықаралық компаниясының Орталық Азия бойынша Бас директоры Шахин Бутуиламен кездесті.

Екіжақты кездесуде делегация құрамына Францияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері де кірді.

Тараптар Қазақстанда қалалық жылу желілерін басқару бойынша жобаларды іске асыруды талқылады. Сонымен қатар, компания Алматыда өкілдік ашу жоспарымен бөлісті.

Компания жылумен және сумен жабдықтау, сонымен қатар қалдықтарды өңдеу (қатты, сұйық, химиялық және радиоактивті) саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.

Қазақстанда Veolia компаниясы Астана және Алматы қалаларында ұзақ мерзімді негізде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін пайдалану, басқару және жаңғырту бойынша заманауи жобаларды іске асыруға ниет білдірді.

Айта кетейік, Veolia бес континентте қызмет көрсетіп келеді, 220 000 қызметкері бар. 2022 жылы компанияның айналымы 43 миллиард еуроны құрады, оның 10 миллиардқа жуығы энергетикалық сегментке келді. Барлығы 111 миллион адамды ауыз сумен қамтамасыз етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив