Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қандастар арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді

12-05-2023, 11:13 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың 11 мамырында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында тарихи Отанына көшіп келген этникалық қазақтар,  өткен жылдары өңірлік квотаға енген қандастар және қала оқу орындарында оқып жүрген қандас студенттер арасында «Қандас» мәртебесін алу, соңымен қатар, мемлекет тарапынан ұсынылатын жәрдемдер (қоныс аударуға, үйді жалдауға (жалға алуға), коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидиялар және әлеуметтік тиімділік сертификат) туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Кездесуге Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, қалалық жұмыспен қамту бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және  «Оралмандарды бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестіктің өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар қоныс аударушыларға төленетін мемлекеттік жәрдемдер  туралы ақпараттандырылды, сұрақтарға жауаптар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив