Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді

10-06-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазіргі уақытта Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 237 бірлік техника жұмылдырылған.

11 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта таңғы сағат 6.00-ден бастап  өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді, жалпы көлемі  410 тоннаны құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 263 рет су төгілді, жалпы көлемі  590 тоннаны құрайды. Әуеден барлау нәтижесінде жекелеген учаскелерде орманның төменгі бөлігінде өрт байқалады. Сағат 10.30-дан 11.00-ге дейін өрт болған жерде аздаған жаңбыр жауды.

Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 52 қоңырау түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желі телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31. Қазіргі уақытқа дейін 52 қоңырау түсті.

«Қазгидромет» АҚ 10 маусымдағы деректері бойынша: облыстың басым бөлігінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыс, солтүстік 9-14, облыстың көп бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. ауа температурасы 24-29, облыстың оңтүстігінде 34 жылы болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив