Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда әріпстестерінің қатарына кірді

4-02-2023, 10:02 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Түркия Республикасының Елшісі Уфук Екиджимен кездесу өткізді. 

Сұхбаттастар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Қ. Тумыш қазақ-түрік ынтымақтастығының жоғары деңгейі мен үлгілі сипатын атап өтіп, екіжақты әрі көпжақты форматтарда, ең алдымен БҰҰ, ТМҰ, ИЫҰ, АӨСШК және ЭЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.

Бүгінде Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда әріпстестері мен 10 инвестор-мемлекеттері қатарына кіреді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы сауда айналымы 6,3 млрд АҚШ доллардан асып түсті. Түрік инвесторлары құрылыс, мұнай-газ, медицина салалары, АӨК, тамақ және жеңіл өнеркәсібіндегі Қазақстанның өндірістік мүмкіндіктерін дамытуға қомақты үлесін қосуда.

Түркия Елшісі екі ел арасындағы жан-жақты кешенді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға Анкараның дайындығын құптады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив