Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сенаторлар қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алды

13-06-2023, 13:15 Думан Кенжеғазыұлы

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында депутаттар 15 маусымда болатын Палата отырысының күн тәртібін бекітті.

Бюро отырысы Абай облысындағы алапат өрттің салдарынан қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының өкімімен 12 маусымда елімізде жалпыұлттық аза тұту жарияланғанына назар аударып, қайтыс болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Мәулен Әшімбаев кеше ел Президенті аталған өңірге арнайы барып, қаза тапқандардың отбасы мүшелерімен кездескенін және оларға көмек көрсету, өрттің шығу себептерін анықтау туралы тиісті органдарға нақты тапсырмалар бергенін де атап өтті.

Сонымен қатар Бюро отырысында алда болатын Үкімет сағатының тақырыбы талқыланды. Мәулен Әшімбаев көтерілетін мәселенің маңызды екенін айта келіп, елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеу керектігін тілге тиек етті.

Айта кетейік, 16 маусым күні «Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыру және импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселелері» тақырыбына арналған Үкімет сағатын өткізу жоспарланып отыр.

Одан бөлек, сенаторлар алдағы Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Соған сәйкес, депутаттар бейсенбі күні Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив