Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

«ЕЛІМАЙ» футбол клубы Елорда төрінде пресс-ланч өткізді

4-02-2023, 12:43 Думан Кенжеғазыұлы

Ақпан айының алғашқы аптасы «Елімай» футбол клубы үшін айтарлықтай жаңалықпен басталды. «ALANDA» қонақ үйінің конференция залында өткен айтулы жиынға елге танымал блогерлер мен «QAZSPORT» телеарнасының ұжымы мен республикалық БАҚ өкілдері келіп қатысты. 

Елордададағы «Елімай» ФК-ның 20 күнге созылған оқу-жаттығу жиындарының қорытынды конференциясы екі кезеңнен тұрды. Алғашқы ресми жиында клубтың бас бапкері Самат Смақов бастаған команда мүшелері мен журналистер арасында ашық сұхбат өтті. Сұхбат барысында келген қонақтарға клубтың жаңа медиа-офицері Елдар Ермеков таныстырылды.

-«Елімай» ФК бас бапкері және оның құрамының бір ғана мақсаты бар, ол - осы маусымда сәтті өнер көрсетіп келесі жылы ҚПЛ-ге жолдама алу. Сол сияқты «Елімай» ФК медиа-командасының да өз мақсаты мен міндеті бар. Өз ісімізде алдыңғы қатарлы қазақстандық футбол клубтарының деңгейіне жету. Атап айтқанда «Ақтөбе» ФК, «Қайрат»  ФК, «Астана» ФК сияқты. Біз Елімайдың сүйікті жанкүйерлерімен барлық әлеуметтік желілерде байланыс орнатамыз. Нақтырақ айтсақ Youtube, Tik-Tok, Instagram, VK, Telegram. Осылардың ішінде Instagram-ға баса назар аударамыз, - деді Елдар Ермеков.

Бас бапкер тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, клубтың алға қойған жоспарларымен бөлісті. Екінші кезең еркін тақырыптағы диалогпен жалғасып, ұйымдастырушылар тарапынан кофе-брейк ұсынылды.

- Кезінде «Елімай» ФК Қазақстанның үш дүркін чемпионы болды. Сондықтан біз Қазақстан премьер-лигасына шығып, клубтың бұрынғы даңқын жандандыруды мақсат етіп қойдық, - дейді клубтың бас бапкері Самат Смақов.

Айта кетейік, Қазақстан футболының отанына айналған Семей қаласынан шыққан клуб үш дүркін ел чемпионы болғаннан кейін араға бірнеше жыл салып қазақ футболына қайта оралды. Сондай-ақ, клуб ойыншыларының қатары танымал футболистермен толығуда. Солардың бірі, «Шоша» лақап атымен танымал – Еркебұлан Нұрғалиев.

- Менің қазір жасым 29-да. Маған «Ақсу» клубынан ұсыныс түскен. Ол ұсыныстан мен бас тарттым. Бірақ, мен Елімайды таңдадым. Өйткені туған қаламның клубы әрқашан ыстық. Денсаулығым жеткенше осы клуб сапында ойнай беремін. Басқа клубқа ауысу жоспарда жоқ, - деді ол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив