Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Сенаторлар сарапшылармен бірге экологиялық туризмді дамыту келешегін талқылады

14-06-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Қорғалжын қорығының аумағында болды.

Еліміздегі экологиялық туризмнің жай-күйімен, проблемаларымен және даму келешегімен, сондай-ақ туризмнің осы түріне азаматтардың сұраныс деңгейімен танысу сапардың басты мақсаты болды.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп кездесу барысында экологиялық туризм мәдениеті еліміз экологиясын сақтаудың маңызды мәселесі болып табылатынын атап өтті.

«Қазіргі әлемде экологияны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр. Біздің еліміздің күн тәртібінде де бұл мәселе өткір тұрғаны анық. Бұл тұрғыда экологиялық туризм проблемаларын шешу өзекті болып табылады, оның мәдениетін қарқынды дамытуымыз керек», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Шараға экология және табиғи ресурстар, мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылары, өңірлік сарапшылар мен қорық қызметкерлері қатысты.

Суретті түсірген: Б. Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив