Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Сенаторлар Палата отырысының күн тәртібін бекітті

19-06-2023, 15:47 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 22 маусым күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Осы құжаттың нормалары арқылы скутер жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Сондай-ақ аталған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді дайындау саласында мемлекеттік монополияны енгізу көзделген.

Сонымен қатар Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл заң сұйытылған газды тарату жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған.

Бюро отырысында Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға арналған бірқатар маңызды заңның сессия соңына дейін қабылдануы керек екенін айтты. Олардың қатарында заңсыз алынған активтерді қайтару, кәсіби біліктілік және онлайн-платформалар мәселелеріне қатысты заңдар бар.

Одан бөлек келесі сессияға дайындық жұмыстарының маңыздылығы туралы да сөз болды. Осыған орай Мәулен Әшімбаев сенаторларды тиісті жұмыстарды уақтылы атқаруға шақырды және Палатаның алдағы сессияға арналған жұмыс жоспарына ұсыныстар беруді тапсырды.

Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың Комитеттеріне бөлініп берілді.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив