Қазақстанда әскери оқу-жаттығу өтуде
«Қазақстан», «Жетісу» оқу-жаттығу полигондарында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің минаатқыштар есептоптарын үйлестіру аяқталды. Онда артиллеристер жаңғыртылған техниканы игеру, нысанаға тиген кезде тактикалық іс-қимылдарды пысықтау және жауынгерлік атыстың дәлдігін қамтамасыз ету тапсырмаларын орындады.
Бөлімшелерді даярлау барысында артиллериялық барлауды ұйымдастыру мен десанттық-шабуылдау бөлімшелері оқу атуды түзетушілерінің ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану мәселелеріне де баса назар аударылды.
Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың талдауы соққы бергеннен кейін позицияны жылдам өзгерту тактикасының өзектілігін көрсетіп отыр. Бұл ретте өтімділігі жоғары жол талғамайтын көліктің базасында артиллерияны пайдалану оң шешім болып табылады.
Полковник Е. Әліқұловтың айтуынша, жақын арада әскерлерде «Фагот» танкке қарсы зымыран кешенін қолдана отырып, практикалық атыс жүргізу жоспарланған.
Минаатқыштар есептоптарының жол талғамайтын көліктер мен «Фагот» кешенін пайдаланудағы іс-қимыл алгоритмін игеруін бағалау биылғы көктемде өтетін «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуында жүзеге асатын болады.