Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Астанада Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг аяқталды

20-06-2023, 10:42 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің аясында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған семинарлар легінің алғашқысы өз мәресіне жетті. Семинар қатысушылары жастармен жұмыс және Жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі – ЖРО) әлеуметтік желілердегі бейнесі тақырыптарында оқытылды. Оған Қазақстанның 15 өңірінен іріктеуден өткен 34 жас маман қатысты.  

Оқыту аясында жастар қызметкерлері жастармен тиімді жұмыс істеудің негіздері, PR, стратегия, контент және коммуникация туралы білімдерін пысықтады. 

 Марапаттау рәсіміне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің өкілдері қатысты. Олар іс-шараға қатысушыларға алғыстарын білдіріп, ЖРО қызметкерлерінің республикалық деңгейдегі оқыту семинарларына қатысуы әріптестермен өзара тәжірибе алмасуына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив