Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.31 536.09 5.34

Мемлекеттік кеңесші Президенттің Ұлттық құрылтайдың II отырысында көтерген бастамаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

20-06-2023, 16:10 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында көтерген бастамаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмалары еліміздің мәдени және рухани саласын ортамерзімді перспективада дамытуды көздейтін «Жол картасы» секілді екенін атап өтіп, оның жоспарлы түрде, рет-ретімен әрі тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету қажет екенін айтты.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Құрылтай мүшелерінің үш секцияда және пленарлық отырыста көтерген идеялары мен ұсыныстарына зерделеу жұмыстарын жүргізуді, сараптама нәтижесі бойынша оларды қарастырудың Бірыңғай жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив