Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыс діңгектерінің беріктігін сынауды бастады

23-06-2023, 13:40 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары автокөлік өндіретін мультибрендті зауыттың құрылыс алаңында бұрғылау діңгектерін сынақтан өткізді.

 Мұндай сынақ түрі кез келген жердің ерекшелігіне байланысты құрылыс діңгектерінің қандай көлемдегі қысымды еңсере алатынын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Тиісті жұмыстар анкерлік бұрғылау діңгектерінен тұратын металл бөренелердің көмегімен орындалады. Сынақтар алты кезеңнен тұрады. Оның нәтижесінде топырақтың жай-күйіне талдау жасап, құрылыс алаңындағы діңгектердің нақты жұмысын дәл модельдеуге жол ашылады.

«Мемлекеттік талапқа сәйкес діңгектерді статикалық сынауға байланысты оған салынатын жүктемені кезең-кезеңімен белгілеуіміз керек. Техникалық тапсырма бойынша құрылыс діңгектерінің қысым қабілеті 250 тонна деңгейінде белгіленді. Қажетті жүктемені кезең-кезеңмен қосып отырамыз. Осыдан кейін сынақ нәтижелеріне талдау жасалып, оның нәтижелері ғылыми-техникалық мақсатта пайдаланылатын болады», деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның қызметкері Жәмек Нұркен.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив