Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан мен Әзірбайжан бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойды

25-06-2023, 09:35 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Бакуге жасаған іссапарында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту туралы меморандумдарға қол қойылды.

Еліміздің тарапынан аталған құжатқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев қол қойғанын айта кету керек.

Мәселен, Әзірбайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігімен цифрлыкөлік дәлізін құруды көздейтін көлік саласындағыөзара іс-қимылды кеңейтіп, цифрландыру бойыншақарым-қатынасты күшейтуге бағытталған меморандум жасалды. Бұл құжатта Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің «Шығыс – Батыс» тармағына сәйкес мультимодальды тасымалдың тиімділігін арттыру қарастырылған. Осы уағдаластық онлайн режімде логистикалық тізбекті құруға, сондай-ақ «жіксіз транзит» қағидатыбойынша жүк тасымалын тиімді ұйымдастыруғасептігін тигізеді деп жоспарланған.

Бұдан бөлек ӘР Экономика министрлігімен машина жасау саласында әріптестікті дамыту және өндіріс мүмкіндіктерін ұлғайтуға арналған кемелер мен теміржол локомотивтерін жеткізуге байланысты тағы бір меморандум жасалды. Осы арқылы Қазақстанда локомотив теміржол техникасының өндірісі мен Әзірбайжанда кеме шығаратын кәсіпорынның қызметін жолға қою көзделіп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив