Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

ҚР СІМ-де Еуропа Кеңесімен өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды

28-06-2023, 12:29 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропа Кеңесінің (ЕК) бағдарламаларды үйлестіру директоры Клаус Нойкирх бастаған Еуропа Кеңесінің делегациясын қабылдады. Кездесуге Еуроодаққа және ЕК-ға мүше елдердің бірқатар дипломаттары да қатысты.

Тараптар Қазақстан мен Еуропа Кеңесі ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен перспективаларын, оның ішінде ҚР-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, компьютерлік қылмыстар, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі ЕК конвенцияларына қосылу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарды талқылады.

Р. Василенко Мемлекет басшысының саяси реформалары Қазақстан дамуының жаңа кезеңін ашқанын және елдегі одан әрі демократиялық қайта құрулар үшін берік негізін қалағанын хабарлады. Осыған байланысты Қазақстан демократиялық процестерді ілгерілету, адам құқықтары мен құқық үстемдігін қорғау жөніндегі бірегей ұйымы ретінде Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Өз кезегінде К. Нойкирх ағымдағы жылдың 26-27 маусымында Астанада өткен Еуропа Кеңесі мен Еуропалық одақтың 2020-2023 жылдарға арналған «Орталық Азиядағы құқық үстемдігі» бірлескен бағдарламасы Өңірлік басқарушы комитетінің екінші отырысының қорытындылары туралы хабардар етті.

Тараптар алдын-ала келіскен жоспарларға сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстандағы ЕК бастамалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі алдағы жоспарларды талқылады.

Анықтама: 2020-2023 жылдарға арналған «Орталық Азиядағы құқық үстемдігі» – Еуропа Кеңесі мен Еуропалық одақ арасындағы әріптестік пен ортақ құндылықтарға негізделген бірлескен бағдарлама.

Бағдарлама Еуропа Кеңесінің тәжірибесін пайдаланғысы келетін және Еуропа Кеңесінің көрші аймақтарға қатысты саясатына сәйкес ынтымақтастық шарттарына сай келетін Орталық Азияның барлық елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) үшін ашық. Жалпы, бағдарлама еуропалық және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын, құқық үстемдігін және демократияны ілгерілетуге бағытталған.

Қазақстан 46 мемлекетті біріктіретін ЕК мүшесі болып табылмайды, дегенмен ЕК-ның төрт конвенциясына мүше («Еуропалық өңірдегі жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы» (№165); «Еуропалық мәдени конвенция» (№018); «Қылмыстық қызметтен түскен кірістерді жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы» (№141); «Салық саласындағы өзара әкімшілік көмек туралы» (№127).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив