«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да ішкі тексерулер жүргізілуде
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірлесе ұлттық компания қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жыл басынан бері жүргізілген ішкі тексерулер барысында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз бригадалары қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық фактілері анықталған. Аталған тексеру нәтижелері тиісті процессуалды шешімдер қабылдау үшін дер кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.
Қызмет пен сервис сапасын және теміржол саласына деген сенімді төмендетуге жол бермеу үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге үлес қосады және алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту бойынша қазақстандық, халықаралық стандарттар арқылы ұсынылған қосымша міндеттемелер алады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы компанияда кез келген сыбайлас жемқорлық белгілеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруда нақты және бұлтартпасыз бағыт ұстанады.