Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Мемлекеттік монополия қызметіндегі бағаларды реттеу бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді

3-07-2023, 09:42 Думан Кенжеғазыұлы

Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығында («Мемқалақұрылыскадастры» РМК) мемлекеттік монополия қызметтерінде бағалардың жобасын талқылауға арналған қоғамдық тыңдау өткізілді.     

Қабылданған заңнамалық түзетулер аясында өтініш берушілердің мүдделері ескеріліп, қала құрылысы кадастры саласындағы жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен бағасы қайта қаралды.

Аталған салада, оның ішінде мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін немесе өткізетін тауарлардың (жұмыстарға, қызметтерге) бағасы оңтайландырылып, оның құнын белгілеу ережелеріне (ҚР ҰЭМ 2016 жылғы 15 наурыздағы №134 бұйрығы) сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша шығындар бөлек есептелді.

Қоғамдық тыңдау барысында «Мемқалақұрылыскадастры» кәсіпорынның бас директоры Т.Мусабаев көрсетілетін қызметтерге байланысты жаңа баға саясатын түсіндіріп, қатысушылармен мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында пікір алысты.

 Бұл орайда аталған жобаны талқылауға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің, «Атамекен» ҰКП Бәсекелестікті дамыту және тариф белгілеу департаментінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшылары мен сарапшылары, сондай-ақ «Мемқалақұрылыскадастры» РМК өңірлік филиалдарының директорлары қатысқанын айта кетейік.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив