Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Абай облысының Антикорына жаңа басшы келді

6-02-2023, 12:30 Думан Кенжеғазыұлы
Облыс әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды.
 
Бұл лауазымға Нұрлан Қыдырбаев тағайындалды. Департамент басшысын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов таныстырды.
 
Өңір басшысы Нұрлан Қыдырбаевқа сыбайлас жемқорлықпен күресте жемісті жұмыс тіледі.
- Мемлекет басшысының алдымызға қойған тапсырмаларын орындап, қоғамдық тәртіп пен заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бірлесе үлес қосатынымызға сенімдімін, – деді Нұрлан Ұранхаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов жиналғандарды Нұрлан Қыдырбаевтың еңбек жолымен таныстырып өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив