Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

4-07-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесу барысында Президент балалардың құқығын қорғау мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда бала құқығын қорғауға және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты бірнеше маңызды мәселе көтергенін еске салып, отбасыларға жан-жақты көмек көрсететін жүйені қалыптастырып, отбасын қолдау орталықтарын ашу, әлеуметтік қолдауды күшейту, заңға балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті қатаңдататын  өзгерістер енгізу маңызды екенін айтты. 

Сонымен қатар Президент балалар арасында зорлық-зомбылық және буллинг фактілері әлі де азаймай тұрғанын атап өтіп, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік құрылымдармен өзара тығыз жұмыс істеу маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Президент балалар омбудсменінің өз міндетін тиісті деңгейде атқаруы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтып, балалардың құқығын қорғау ісінде жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнату жөнінде тапсырма берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив