Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Үкіметте бизнестің түйткілді мәселелері қаралды

5-07-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар өкілдерінің және «Атамекен» ҰКП мен бизнес қауымдастығының қатысуымен бизнестің түйткілді мәселелерін қарады.

«Атамекен» ҰКП өкілдері білім беру нысандарына бірдей жағдай жасау, жобалау жұмыстарын сатып алуға қатысу кезінде демпингті болдырмау, экологиялық төлемдер,  елді мекендер, сонымен қатар вахталық әдіс жұмысын қолдану, ауыл шаруашылығы алқаптарының шекарасына кіретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлемдерін арттыруға қатысты түйткілді мәселелер туралы хабардар етті.

Проблемалық мәселелерді талқылаудың қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беріп, мемлекеттің басты міндеті – кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту үшін барынша қолайлы жағдай жасау екенін баса айтты.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар бизнестің проблемалық мәселелерін дер кезінде және тиімді қарастырып, қолда бар барлық аспектілерді ескере отырып, мемлекеттің де, бизнестің де әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау қажеттігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив