Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қазақстандық ветеринариялық қызметтің автопаркі жаңа арнайы көлікпен толықтырылады

12-07-2023, 16:27 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 55 жаңа жеңіл автокөлік сатып алды. Көлікпен облыстық және қалалық аумақтық инспекциялар, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері жабдықталады. Жыл соңына дейін жаңа автокөліктер барлық облыс орталықтарына келуге тиіс.

Айта кетейік, отандық өндірістегі бұл автокөліктер зооветатрибуттар, термоқондырғылар және биологиялық материал сынамаларын сақтауға және тасымалдауға арналған тоңазытқыш сияқты барлық қажетті құрал-жабдықтармен қосымша жабдықталған.

Арнайы автокөлік ветеринариялық инспекторларға жануарлардың аурулары күдіктенген және өршіп кеткен кезде шекара пункттеріне жедел бару, ветеринариялық сертификаттар беру, өнімді сақтау және жөнелту орындарында бақылаудағы өнімнің сынамаларын тексеру және іріктеу кезінде уақтылы әрекет ету үшін қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив