Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Абай облысына жұмыс сапарымен келді

12-07-2023, 18:40 018.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «AMANAT» партиясы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес төрайымы Жұлдыз Сүлейменова Абай облысына жұмыс сапары аясында «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалында болды. 

Мәжіліс депутаты сайлауалды науқанда көтерілген бірқатар сұрақтар Парламент Мәжілісінде көтеріліп, кітапханашылардың жалақысы қамтылған құжат дайындалып жатқандығын, сол себепті сапары барысында кітапханашылармен кездесіп, пікірлесіп, жиналған ұсыныстарды жұмыс тобының назарына ұсынатындығын айтты. Өңір мәселелерін талқылау барысында кітапхана жұмысын жетілдіруге қатысты ойымен бөлісіп, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында кітапханашылардың еңбек ақысын кезең-кезеңмен өсіру қамтылғандығын, Үкімет тарапынан қолдау жасалатындығын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ кездесу барысында Жұлдыз Досбергенқызы облыс мәслихатының депутаты, облыс мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының төрайымы Шағангүл Жанаева, облыс мәслихатының депутаты Алтай Дюсупов, филиал қызметкерлерімен кездесіп, өңірдің даму жоспарына қатысты ұсыныстарын тыңдады. Жарма аудандық мәслихат төрағасы Мейірхан Оспанбаев аудан территориясында пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау жұмыстары барысында орын алып отырған кемшіліктер жайында ойымен бөлісті.

Барлық айтылған ұсыныс-тілектер Парламент Мәжіліс депутаты тарапынан назарға алынатыны жеткізілді.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив