Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ҚТЖ желісі бойынша жүк айналымы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 9% -ке өсті

13-07-2023, 17:21 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша ҚТЖ желісінде 124 млн тоннадан астам жүк тасымалданды.  Республикаішілік тасымалдар шамамен 80 млн тоннаны құрады. Экспортқа 44,4 млн тонна жөнелтілді.  51,6 млн тонна тас көмір тасымалданды. 

Астық тасымалдау көлемі 30%, яғни 5,8 млн тоннаға дейін артты. Астық экспорты 35% артып, 4,7 млн тоннаға жетті. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 12% дейін, яғни 1,5 млн тоннаға дейін өсті. 

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай жүктерін тасымалдау өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 3%, яғни 9,3 млн тоннаға дейін, құрылыс жүктерін 9%, яғни 7,6 млн тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштарды 6%, яғни 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайды.

Пайдалану жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% өсіп, 134,5 млрд т-км неттоны құрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив