Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан СІМ-де БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесу өтті

14-07-2023, 12:20 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының (ТҚКБ) басшысы Владимир Воронковпен келіссөздер жүргізді. Кездесуге сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитеті (БҰҰ ТҚК) Атқарушы директоратының Атқарушы директоры Наталья Герман қатысты.

Тараптар өңірлік қауіпсіздік, Ауғанстандағы ахуал, «Жусан» және «Русафа» қазақстандық гуманитарлық операциялары, Қазақстанның БҰҰ ТҚКБ және ТҚК-мен өзара іс-қимылы, БҰҰ-ның Орталық Азия мемлекеттеріне терроризмге қарсы күрес, зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бағдарламалық қолдауын, сондай-ақ Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның орнықты дамуы жөніндегі Өңірлік орталығын құру жөніндегі ҚР бастамасын талқылады.

Сол күні Сыртқы істер министрлігінде ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары  В. Воронковтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне арналған брифинг өтті. Іс-шара БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының жұмысы және Орталық Азия мемлекеттеріне жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұруға көмегі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.

БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілдерінің сапары олардың ү.ж. 13-14 шілдеде Астанада өтетін Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия Форумына қатысуына орайластырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив